АҚШ-та жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Пенсильвания штатының Филадельфия ауданында жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 50-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлады ТАСС.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, 8-10 вагоны рельстен шығып кеткен. Апаттың себебі анықталу үстінде.

АҚШ астанасынан Нью-Йорк қаласына бағыт алған пойыздың ішінде барлығы 240-қа жуық адам болған.

Соңғы жаңалықтар