АҚШ-та жол апатынан 40 адам зардап шекті

None
None

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қазан күні Лос-Анджелес (Калифорния, АҚШ) қаласының солтүстігінде автобус апатқа ұшырап, 40 адам зардап шеккен. Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады.

Жіберілген ақпараттарға қарағанда, жарақаттанғандардың арасында бес адам ауыр халде жатыр. Жалпы, 25 адам ауруханаға жатқызылған.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, автобус бірнеше автомобильмен соқтығысып қалған.

Апат ірі автомагистральда болғандықтан, жүздеген көлік кептелісі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар