АҚШ-та жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Калифорния штатындағы Ван-Найтс аэродромы маңында Thunder Mustang ТМ-1 жеке бірқозғалтқышты ұшағы апатқа ұшырады. Көліктің қирауы салдарынан ұшқыш мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS телеарнасына сілтеме жасап.

Билік органдарының мәліметі бойынша, ұшақ азаматтық қажеттіліктерге ыңғайластырып қайта жасалған, өйткені ол Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары АҚШ-тың әскери-авиация саласында кең қолданыста болған Thunder Mustang жойғышы базасында жасалған.

Ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты тергеу жұмыстары басталды. Мамандардың айтуы бойынша, апат салдарын анықтау қиын болмақ, өйткені ұшақ қирап қалған және жермен соқтығысқаннан кейін өртенген.


Соңғы жаңалықтар