АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан төрт адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Висконсин штатында жеңіл моторлы ұшақ құлап, соның салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті билік көздеріне сілтеме жасаған KSTP телеарнасы.

Телеарнаның мәліметтерінше, оқиға дүйсенбі күні кешке Висконсиннің батысындағы Полк округінде орналасқан Амери қаласынан оңтүстік-батыс жерде орын алған. Аймақ полициясының мәліметтері бойынша, Beech M35 ұшағының ішінде төрт адам болған, олардың барлығы апат салдарынан мерт болды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар