АҚШ-та жараны өзі емдейтін «ақылды» дәкелер ойлап табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та электроника және дәрі-дәрмекпен жабдықталған инновациялық дәке ойлап табылды. Аталмыш медициналық құрал таңылған жараны адамның көмегінсіз өзі емдейді.

Массачусетс технологиялық институтындағы зерттеушілердің ойлап тапқан орауышы - өте иілгіш және қозғалысқа кедергі келтірмейтін гидрогельден жасалған берік дәке. Оған терінің температурасын бақылап, инфекцияларға қарсы дәріні автоматты түрде себетін инновациялық тетіктер орнатылған.

Гидрогель 90 пайыз судан құралып, адам терісінің қасиеттерін қайталайтындай жобаланған. Гельмен өтетін титан сымдары дәкені тоқөткізгіш етіп, оған электрондық құралдарды, мысалы, жартылай өткізгіштік чиптерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оған жарық диодтары орнатылған, олар жарадағы температура белгілі бір шектеуге дейін жеткенде немесе дәрі-дәрмек аяқталғанда жанады. Гельдің құрамында дәрі-дәрмектердің қоры құрылып, жараға арнайы арналармен жеткізіледі.

Ғалымдар болашақта жараға дәрігердің кәсіби көмегі қажет болатын болса онда дәкенің қашықтықтан ескертетін тетігін жасауды ойластырып отыр.

Ал әзірше «ақылды» дәке тұрақты медициналық бақылауды қажет ететін және инфекциялық қауіп тудыратын күйік шалу кезінде сыналмақ.

Соңғы жаңалықтар