АҚШ-та тұратын екі жасар Әлия полиция шақыртқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та екі жасар қыз бала киіне алмай, полицияны шақыртты, деп хабарлайды CBS.

Оңтүстік Каролина штатының диспетчерлік қызметі полиция жасағына байланыс қосылғаннан кейін көп ұзамай тұтқаны қоя салған кішкентай бала қоңырау шалғаны туралы ақпарат берді. Патруль шұғыл түрде қоңырау шалынған мекенжайға барды.

«Біз келген кезде алдымыздан шалбарын жарым-жартылай киген кішкентай қыз шығып, «Сәлем!» деп айтқанда қатты таңқалдық», - деп баяндады полиция офицері Марта Лоунс. Ол балаға киінуге көмектесті. Бүлдіршін тәртіп сақшысын құшақтап, алғысын білдірді.

Екі жасар Әлияның анасының айтуынша, ол баласын көмек керек болған жағдайда, 911 нөміріне хабарласуды үйреткен. «Біз нөмірлерді жаттап жүрдік, бірақ мен оның телефон соға алатынына таңқалдым», деген әйелдің сөздерін келтіреді басылым.

Соңғы жаңалықтар