АҚШ-та торнадодан 25 адам қаза тапты
Америкалық БАҚ дауыл түн ортасында болғандықтан, көптеген адамдардың паналап үлгермегенін хабарлады.
Президент Дональд Трамп жұма күні штатқа баруды жоспарлап отырғанын мәлім етті.
Губернатор Ли бірнеше адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін баспасөз мәслихатында айтты.
Тұрғындардың бірінің айтуынша, Нэшвилл «әскери қақтығыстар аймағына» ұқсап кеткен.
Табиғи апаттан Нэшвиллден шығысқа қарай 130 шақырым қашықтықтағы Путнэм округі қатты зардап шеккен. Мұнда торнадо 19 адамның өмірін жалмаған.
Уилсон округінде үш адамның, екеуі Дэвидсон және бірі Бентонда қаза тапқаны хабарланды.
Нэшвилл мэрі Джон Купер қаланың «қаңырап» қалғанын айтты және адамдарды «көршілерге көмек қолын созуға» шақырды.
Мэр Купердің айтуынша, 150 зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілген.
Қалада іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 44 мыңға жуық адам жарықсыз қалып, әуежай қызметіне кедергі келтірген.
Ресми өкілдер қаладағы мектептердің, соттар мен автопарктердің жабылатынын жариялады.