АҚШ-та торнадо салдарынан 6 адам қаза тапты

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат –Жексенбі күні АҚШ-тың Миссисипи мен Луизина штаттарында болған жойқын торнадо салдарынан алты адам қаза тапқан. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

CNN мәліметтері бойынша, торнадо салдарынан жүзден астам ғимараттар мен құрылыстар қираған. Миссисипи штатының Лоуренс аймағында екі адам, Уолтхолл аймағында бір адам және Джефферсон Дэвис аймағында үш адам қаза тапқан.

Миссисипи штатының губернаторы Тейт Рива төтенше жағдай жариялады.

Жексенбі күні сетеорологиялық бюро торнадо туралы 25 хабарлама таратқан. Елдің оңтүстік және шығысындағы 20 штатта тұратын 95 миллионнан астам адам табиғаттың дүлей күшіне тап болды.

Электр энергиясының іркілісін бақылайтын PowerOutage.us мәліметтерінше, Техаста 103 027 тұтынушы, Арканзаста 75 865 тұтынушы, Алабамада 64 141 адам, Луизианада 37 842, ал Миссисипиде 15 920 адам жарықсыз қалған.

https://edition.cnn.com/2020/04/12/weather/easter-sunday-weather-tornadoes-storms/index.html


Соңғы жаңалықтар