АҚШ-та теңізге құлаған әсери ұшақ ұшқышының денесі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік теңізде апатқа ұшыраған АҚШ Әскери әуе күштері жойғышы ұшқышының денесі табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

F- 15C Eagle АҚШ Әскери әуе күштерінің Англиядағы ең ірі базасынан ұшып шыққан. Әуе кемесінің сынықтары табылды

Полковник Уилл Маршалл соғылған F-15C Eagle-дің ұшқышының денесі табылғанын растады. Апаттың себебі әзірге белгісіз.

Еске салсақ, кеше АҚШ әскери әуе күштерінің жойғыш ұшағы Солтүстік теңізінде апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар