АҚШ-та танымал спортшы ұшақ апатынан тірі қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Элизабеттаун қаласында NASCAR автожарысының чемпионы Кіші Дейл Эрнхардт отбасы мінген жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат nascar.nbcsports.com-ға сілтеме жасап.

Апаттан зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. NBC телеарнасының хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілмей жатып ұшу жолағынан шығып, жанып кеткен.

Кіші Дейл Эрнхардт екі дүркін NASCAR чемпионы. Ол карьерасын 2017 жылы аяқтаған. Әкесі Үлкен Дейл Эрнхардт жеті дүркін NASCAR чемпионы. Кезекті рет жарыс жолына шыққанда, 2001 жылы қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар