АҚШ-та тағы да атыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-ТАСС – Жексенбіге қараған түні Американың Дейтон (Огайо штаты) қаласында атыс болып, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты және 16-сы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция өкілі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Қылмыскерді қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері атып өлтірген. Оның жеке басына қатысты мәліметтер әзірге анықталған жоқ. Барлық зардап шеккен азаматтар таяу маңдағы ауруханаға жеткізілді, Дейтон полициясы олардың жағдайы туралы ақпаратты әзірге тексермеген.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, оған ФБР қызметкерлері қосылды. Бұл Құрама Штаттарда бір тәулікте болған екінші атыс.

Бұдан бұрын сенбі күні 21 жастағы ер адам Cielo Vista Mall сауда орталығына жақын маңда Walmart супермаркетінде (Техас штаты) адамдарға оқ атқан еді. Оны полиция қызметкерлері ұстаған болатын. Биліктің хабарлауынша, 20 адам қаза тауып, 26-сы жарақат алған.



Фото: © AP Photo/John Minchillo

Соңғы жаңалықтар