+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шығады

2018 жылғы 5 маусым 20:38
Бөлісіңіз:
АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағайынды Царнаевтар Бостонда жасаған терактты тергеу барысында сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Диас Қадырбаев АҚШ-тың Техас штатындағы «Big Spring» федералды түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

«Жуық арада біздің отандасымыздың бостандыққа шығатынын қуана хабарлаймыз. Бұдан кейін елден шығарылу үшін ол АҚШ-тың көші-қон қызметіне (визасының мерзімі өтуіне байланысты) тапсырылады. Жақсы тәртібіне байланысты отандасымыз толық мерзімі өтпей тұрып босатылады. Алдын ала мәлімет бойынша, Д.Қадырбаев 2018 жылдың 23 шілдесінде босатылады», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Белгілі болып отырғандай, ҚР СІМ Диас Қадырбаевты Отанына қайтару процедурасын жеделдету үшін барынша күш салуда. Қолда бар ақпараттарға сәйкес, оның жағдайы психологиялық және физикалық тұрғыдан жақсы.

«АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Диас Қадырбаевтың жағдайын осы жылдың маусым айының алғашқы жартысында біліп қайтады. Елшіліктегі қызметкерлер отандасымыздың әкесі Мұрат Қадырбаевпен үнемі байланыста», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазақстандық Диас Қадырбаев 2015 жылдың маусым айында 6 жылға сотталып кеткен болатын. Ол 2013 жылдың сәуірінде АҚШ-та ағайынды Царнаевтар жасаған терактқа қатысты іске іліккен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT