АҚШ-та шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болды

None
Фото: english.news.cn
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Уэст-Рединг қаласында (Пенсильвания штаты) шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болып, оның арты өртке ұласты. Салдарынан екі адам қаза тапты, тоғыз адам жоғалды. Бұл туралы The Associated Press агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ақпаратынша, жарылыс жергілікті уақытпен 16:57-де (Астана уақытымен 02:57) болған. Салдарынан фабрика ғимараты опырылып, көршілес ғимарат зақымдалды. Қалалық полиция бастығы Уэйн Холбеннің айтуынша, жарылыс себебі әзірге белгісіз.

Уэст-Рединг ауруханасының баспасөз хатшысы Джессика Безлер төтенше жағдайдан 8 адамның ауруханаға түскенін хабарлады. Екі адам қаза тапты, тоғызы іздестіріліп жатыр.

NBC 10 телеарнасы бұған дейін кем дегенде 6 адам зардап шеккенін хабарлаған еді. Телеарна фабриканың ішінде болған қызметкерлер туралы ақпарат келтірілмеген.


Соңғы жаңалықтар