АҚШ-та селфи үлгісінде суретке түскісі келген адамды пойыз қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон штатында сүйіктісімен бірге селфи үлгісінде ұялы телефонындағы фотоаппаратымен суретке түскісі келген ер адамды пойыз қағып кетті. Бұл туралы дүйсенбі, 23 ақпан күні CBS Seattle хабарлады, деп жазады Лента.ру.

Округ полицейінің айтуынша, оқиға сенбі, 21 ақпан күні таңертең болған. Бірге суретке түскен бойжеткен зардап шеккен жоқ. Полиция қаза тапқан адамның есімін жария еткен жоқ.

Оқиғаның себебінен теміржол қозғалысы тоқтап, жеті пойыз уақытынан кешіктірілді. Бұған дейін Үндістанда колледждің үш студенті келе жатқан пойыз алдында селфи жасамақ болып қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар