АҚШ-та сауда үйінде атыс болды: 19 адам ажал құшып, 22-сі жараланған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде кішкентай балалар да бар, деп хабарлайды BBC.

Полицейлердің айтуынша, атыс бірнеше жерде болған көрінеді. Әуелі Walmart супермаркетінде атыс болған.

Билік өкілдері оқ жаудырған қаскөйдің есімін атамай отыр, алайда ол 21 жастағы Патрик Крусиус есімді жігіт деген мәлімет бар.

Эль-Пасо полиция департаментінің сержанты Энрике Каррильо қазір қауіп жоқ екенін, оқ ату тоқтағанын жеткізді.

Мэр Ди Марго CNN-ге үш адамның қамауда отырғанын айтқан, алайда нақты қанша адамның көз жұмғаны туралы мәлімет бермеген.

Соңғы жаңалықтар