АҚШ-та психиатриялық бөлімінің науқасы екі адамды пышақтап өлтірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындаңы аурухананың психиатриялық бөлімшесінде науқас екі адамды пышақтап тастады. Олардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Университеттік медициналық орталығында психикалық ауруға шалдыққан науқастар емделіп жатқан қорғалатын аймақта болған.

АҚШ полицияның мәліметінше, бейсенбі күні түнде күдікті өз бөлмесінен шығып, көрші бөлмеге кіріп, қауіпсіздік белбеуімен байланған бірінші жәбірленушіні пышақтап өлтірген. Содан кейін пышақ ұстаған ер адам дәлізге шығып, кезекші медбикемен бірге қашып үлгерген екінші жәбірленушіге шабуыл жасады. Түзеу қызметкерлері күдіктіні қамауға алды.

Қазір 40 жастағы ер адамның пышақты қайдан алғаны тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар