АҚШ-та полицей Қырғызстан азаматын атып өлтірді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Кабар – Америка құрама штаттарында полиция Қырғызстан азаматын атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінің мәліметінше, 1993 жылғы Қырғызстан азаматы М.Н.-нің өлімі туралы ақпарат түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, оған Пенсильвания штатының полицейлері 5 қазанда көп оқ атқан. Қырғызстан азаматы мерт болған.
Елшілік мән-жайды анықтау үшін АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Мемлекеттік департаментке жедел сұрау жолдаған. Қазіргі уақытта жауап күтіп отыр.


Соңғы жаңалықтар