АҚШ-та паром жағалауға соғылып, адамдар зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Хайэннис-Порт (Масачусетс штаты) қаласында жолаушылар паромының апатқа ұшырауының салдарынан 18 адам зардап шекті. Бұл туралы ТАСС қалалық өрт сөндіру басқармасының басшысына сілтеме жасап хабарлады.

Оның сөзінше, паром жергілікті порттардың біріне тоқтайтын кезде жағалауға келіп соғылды. Соның салдарынан паромда жарық пайда болған. Кемеде 50 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Олардың барлығы да сәтті эвакуацияланды.

«Барлығы 18 адам жарақат алды. 15-і ауруханаға жеткізілді»,-деді Мелансон.

АҚШ-тың жағалау күзетінің хабарлауынша, паром апатқа ұшырайтын уақытта аймақта ауа райы бұзыла бастаған, яғни, жел күшейіп, көрініс нашарлаған. Билік өкілдері болған оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар