АҚШ-та өтетін Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеребесі тартылды

None
Фото: shutterstock.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-та ерлер және әйелдер арасында 9 наурызда басталатын Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Елена бастапқы кездесуін қос америкалық Слоан Стивенс – Софья Кениннің қай жеңгенімен өткізеді.

Әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Жұптық сында Қазақстан намысын Анна Данилина қорғайды.

Ерлер арасындағы Индиан-Уэллс додасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласы кейін анықталады. Ол іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанадағы жарыстың іріктеу сатысында бес қазақстандық теннисшінің бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары анықталды.

Астанадағы турнир қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды.


Соңғы жаңалықтар