АҚШ-та «омикрон» штамын жұқтыру көрсеткіші бір аптада 10%-дан 73%-ға дейін өсті

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та «омикрон» штамын жұқтырғандардың саны екі күн сайын еселеп артуда. АҚШ Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаукидің айтуынша, «омикрон» штамын жұқтыру саны бір аптада 8-10%-дан 73% - ға дейін өсті.

Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия тұрғындарына пандемияға байланысты қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу ұсынылды. 28 желтоқсаннан бастап жеке кездесулерге ең көп дегенде 10 адам қатыса алады деп күтілуде. Вакцинацияланбаған адамдар тек бірге тұратын адамдармен араласа алады. Сонымен қатар түнгі клубтар мен дискотекалар жабылады деп күтілуде.

Таиланд Пхукеттен басқа саяхаттауға болатын барлық провинцияны шетелдік туристер үшін уақытша жауып тастады. Ел билігі барлық келушілер үшін міндетті карантин енгізуді қайта қарастыруда.

ҰХЛ ойын маусымын уақытша тоқтату туралы жариялады. Лигада мұндай шешім коронавирусты жұқтырған ойыншылар мен клуб қызметкерлері санының күрт өсуі және 50-ге жуық тұрақты чемпионат ойындарын мәжбүрлеп көшіру аясында қабылданды.


Соңғы жаңалықтар