АҚШ-та өлім жазасын 22 жыл күткен әйел бостандыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот 20 жылдан астам уақыт бұрын 4 жастағы өз баласын өлтірді деген айыппен сотталған Аризона штатының тұрғынын бостандыққа шығарды, деп хабарлады Associated Press.

1989 жылдың соңында Дебра Мильке есімді әйелдің баласын екі ер адам ұрлап, Финикс қаласына жақын жерде өлтірген. Сол уақытта Мильке қамауға алынып, қылмысты өзі ұйымдастырды деп айыпталған. Тергеу амалдарының қортындысында әйел баласының ажырасқан күйеуімен кетуін қаламағандықтан осындай қылмысқа барды деп көрсетілген.

Алайда, кінәлі Джеймс Стайерс пен Роджер Скотт Милькенің қатысы жоқтығын айтып, куәлік берген. Ең бастысы, ауруханада күйзелісте жатқан әйелді тергеуші заңсыз тергегендігі де жарыққа шыққан. Соңғы сот үкімі бойынша Милькенің жазықсыз екені дәлелденіп, өмірінің 20 жылдан астам уақытын абақтыда өлім жазасын күтумен өткізген 51 жастағы әйел бостандыққа шықты.

Соңғы жаңалықтар