USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді

2021 жылғы 1 желтоқсан 18:15
Бөлісіңіз:
АҚШ-та оқушы мектепке қарумен келіп үш адамды атып өлтірді

МИЧИГАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мичиган штатындағы мектептің бірінде 15 жастағы жасөспірім үш оқушыны атып өлтірді және тағы сегіз адамды жарақаттады, соның ішінде мұғалім де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептегі каникулдардың мерзімі бекітілді Алматы мектептері мен балабақшаларында орын тапшылығы қашан шешіледі 24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі

Шабуылдың құрбандары 16 жастағы мектеп оқушысы және 14 және 17 жастағы қыздар. Зардап шеккендердің екеуіне ота жасалды, жарақат алған тағы алты адамның жағдайы ауыр. Иығынан жараланған мұғалім ауруханадан шығарылды.

Полицияның хабарлауынша, оқ атқан оқушы өткен жұма күні әкесі сатып алған жартылай автоматты тапаншаны қолданған.

Оқиғаның қалай өрбігені әлі белгісіз. Тергеушілер жасөспірім қаруды мектепке сөмкесіне салып әкелген, сосын дәретханаға апарып, сол жерден алып шығуы мүмкін деп болжайды. Оқушылар шабуыл кезінде парталардың астына тығылғандарын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT