АҚШ-та «мұсылманша» Оскар сыйлығы берілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жетістікке жеткен мұсылмандарға «мұсылманша» Оскар сыйлығы берілетін болды, деп хабарлайды muslim .kz.

31 мамырда АҚШ-та Оскар іспеттес The Golden MinaretAwards 2014 мұсылмандарды марапаттау салтанаты өтеді.

Биыл бұл шараға 500-ге тарта ислам дінін ұстанатын саяси көшбасшы, түрлі сала мамандары, ғалымдар қатысады. Олардың ішінде ғылымның дамуына, қайырымдылыққа үлес қосқан мұсылмандар мұсылманша Оскармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты қоғамға еңбегі сіңген американдық мұсылмандардың мерейін асыру болып табылады.

«БАҚ-та исламды қаралап көрсететін ақпарат көп таралуда. Ал мұсылмандардың адамзатқа тигізіп жатқан пайдасы жайлы көбінесе айтылмай қалыс қалуда», - деді Вашингтондық адвокат, Мұсылман қозғалысы Академиясының өкілі Талиб Карим.

Соңғы жаңалықтар