АҚШ-та мемлекеттік қызметші 12 адамды атып тастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының шығыс жағалауындағы Вирджиния-Бич штатында мемлекеттік қызметші муниципалды кешенде атыс жасады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 12 адам құрбан болған, оқ атқан адамның өзі де қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВВС-ге сілтеме жасап.

Вирджиния-Бич (Вашингтоннан 355 км қашықтықта орналасқан Вирджиния штаты) штатындағы атыс жайлы алғашқы хабарлама полицияға жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:00-де келіп түскен. Шабуылшы қалалық әкімшілік ғимаратының және сот ғимаратының жанында өрт шығарған. Кешенде қаланың коммуналдық қызметтері орналасқан.

Wall Street Journal басылымының мәліметінше, атыс ұйымдастырған адам ұзақ жылдар коммуналды қызметтер саласында жұмыс істеп, қызметінен босатылған.

Қалалық полиция басшысы Джим Сервера қаладағы коммуналды қызмет саласында көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметші риза болмағандықтан муниципиалды ғимаратта атыс ұйымдастырғанын айтты.

Шабуылшы өзі жалғыз әрекет еткен. Сервера шабуылшының шамамен сағат 16:00 кезінде ғимаратқа кіріп, бірден оқ жаудырғанын хабарлады.

Шабуыл кезінде 12 адамның қаза болғаны анықталды. Мемлекеттік қызметшінің өзі де полициямен атыс кезінде қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар