АҚШ-та Мемлекет басшысы қазақстандық ЖОО-ларды академиялық қолдау мәселесін талқылады

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Бүгін Нью-Йоркте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалда білім беру саласын дамыту, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, университеттерге академиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Сапар барысында бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен, Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен, JPMorgan Chase & Co. компаниясының төрағасы – бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен, Eurasia Group компаниясының президенті Ян Бреммермен, S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен, Австралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Раддпен, сондай-ақ шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен, ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті.


Соңғы жаңалықтар