АҚШ-та мексикалық есірткі бароны «Эль Чапоның» әйелі сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та мексикалық есірткі бароны Хоакин Гусман «Эль Чапоның» әйелі үш жылға қамалып, төрт жыл бақылауда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Эмма Коронель Аиспуро күйеуінің қылмыстарына көмектескен. Ол есірткі трафигіне, ақшаны жылыстатуға, сондай-ақ 2015 жылы Гусманның Мексика түрмесінен қашып кетуіне ықпал еткен қылмыстары үшін кінәсін мойындады. АҚШ-та тағылған айыптар бойынша оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.

Хоакин Гусман 2017 жылы АҚШ билігінің өтініші бойынша Мексикадан АҚШ-қа экстрадицияланды. 2019 жылдың ақпан айында Нью-Йорк штатының Шығыс округінің қазылар алқасы оны қылмыстық топқа қатысқаны үшін, есірткіні өндіру және тарату, қару қолдану және есірткіден түскен кірісті заңдастыруда сөз байласқаны үшін кінәлі деп тапты.

2019 жылдың шілдесінде Гусман өмір бойына абақтыға қамалды, сонымен қатар тағы 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол АҚШ-тың Колорадо штатындағы АҚШ-тағы ең қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар