АҚШ-та маймыл шешегін жетінші бала жұқтырды

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Флорида штатының ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, Мартин округіндегі баланың маймыл шешегі ауруына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, Флоридада ауру жұқтырған баланың жасы 4 жастан аспаған. Қазіргі уақытта АҚШ-та жеті баланың маймыл шешегі ауруына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Соңғы жағдай 12 тамызда Мэн штатында жарияланды, онда баланың тестілеу нәтижесі расталған.

Бұған дейін Калифорнияда екі жағдай, Индианада тағы екі жағдай және Вашингтонда бір жағдай тіркелген.

Өткен аптада азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы маймыл шешегі ауруын жұқтыру қаупі жоғары 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға рұқсат берді.

Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша маймыл шешегін жұқтырудың 32 мыңға жуық жағдайы тіркелген, оның ішінде 11 мыңнан астамы – АҚШ-та анықталған. Бұл кез-келген елге қарағанда көп.



Фото:abcnews.go.com






Соңғы жаңалықтар