АҚШ-та лотерея жеңімпазының 10 млн доллар ұтқан билетін ұрлап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния тұрғыны лотереядан жеңіп, ұтысы туралы бір бөлмеде тұратын көршісіне мақтанған. Бірақ, ол ұйымдастырушылардың кеңсесіне ақшаны алуға келген кезде оған ештеңе ұтпағанын хабарлаған.

Ол он мың доллар ұтқанына сенімді болғандықтан полицияға көршілерінің ауыстырып қойғанын айтып, шағым түсірген.

Жергілікті полиция бөлімінің Facebook-тегі парақшасында хабарланғандай, көршілердің бірі ұтысы бар билетті ауыстырып, ақшаны қолма-қол алмақшы болған. Бұдан бөлек, жеңімпазға тиесілі болған ұтыс 10 мың емес, 10 миллион доллар болып шықты.

Билетті ұрлаған көршісін ақшаны қолма-қол алуға келген кезде ұстап, ақшаны шынайы жеңімпазға берген.

Соңғы жаңалықтар