АҚШ-та круиз лайнерінің бортында он адамнан коронавирус анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа Орлеанға бағыт алған Norwegian Cruise Line круиз лайнерінің бортында он адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press-ке сілтеме жасап.

Лайнердің бортында барлығы 3 мыңнан астам адам болған. Мәлімдемеде айтылғандай, экипаж ауру жұқтырғандардың анықталғанын ескере отырып, карантин мен оқшаулауға қатысты хаттамаларды ұстанған. Жаңа Орлеаннан түспес бұрын барлық жолаушы коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі.


Соңғы жаңалықтар