АҚШ-та коронавирустан алғашқы адам көз жұмды

None
None
ВАШИНГТОН.ҚазАқпарат – АҚШ-тың Вашингтон штатында коронавирустан көз жұмған алғашқы жағдай расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті денсаулық сақтау органдары сенбі күні Вашингтон штатының Кинг округінде 50 жастағы ер адамның қайтыс болғанын растады. Ол қауіптілігі жоғары елдердің ешқайсысына бармаған.

Вашингтон штатының губерноторы Джей Инсли вирустың таралу қаупіне байланысты штатта төтенше жағдай жариялады.

Сенбі күні Вашингтон штатында жергілікті қарттар үйінде коронавирус таралып, өршіп кетуі мүмкін делініп тексеріліп жатқанын айтты.

АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 62 адамға жетті.

Бұған дейін хабарлағандай, жексенбі күні Аустралияда коронавирустан көз жұмған алғашқы жағдай расталды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өткен айда Жапониядан эвакуацияланған 78 жастағы ер адам Перт қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ оның 79 жастағы әйелінен де вирус табылған.

35 жасар ер адам Тайланд аумағында аталған індеттен көз жұмған алғашқы адам болды. Жалпы елде вирус жұқтырған 42 жағдай анықталды.

ДСҰ мәліметіне сәйкес, әлемнің 57 елінде жаңа вирус жұқтырғандар саны 85 мыңнан асқан. 3000-ға жуық адам қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар