+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны Қытайдан асып түсті

2020 жылғы 27 наурыз 08:15
Бөлісіңіз:
АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандар саны Қытайдан асып түсті

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан озды. Бейсенбі күнгі мәліметтер бойынша, АҚШ-та індетке шалдығудың 82040 жағдайы тіркелді. Қытайда науқастанғандардың жалпы саны 81782 болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: АҚШ Президенті елде төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша бірінші орынға шығуы адамдарға тестілеудің жаппай өткізілуімен байланысты. Нью-Йорктің өзінде ғана ауру жұқтырған 30 мыңнан астам адам бар. Бұдан нашар статистика тек Италияда ғана. Індет жұқтыру оқиғалары Американың барлық 50 штатында тіркелген, одан көз жұмғандар саны 1000 адамға жетті.

Бұған дейін АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін екі триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл Америка тарихында үкімет көрсетіп отырған ең көлемді пакет – АҚШ-тың әрбір ересек тұрғыны 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек алатыны шамаланған. Бұдан бөлек, шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржылық демеу көрсету қарастырылған.

АҚШ-та коронавирус індеті өршігеннен кейін жұмыссыз адамдардың саны артып, рекордты 3,3 миллионға жетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Америка, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT