АҚШ-та коронавирус әсерінен миллионнан астам адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың әсерінен АҚШ-та миллионнан астам адам қайтыс болды. Мұндай деректерді Джонс Хопкинс университеті өзінің ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Ұсынылған мәліметтер бойынша, COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 19 мамырда 1 028 014 адамға жеткен.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері АҚШ-та таралатын коронавирустың америкалық түрі инфекция жылдамдығы бойынша ең қарқынды болғанын атап өтті. Бұл нұсқа көптеген Штаттарда басым болып саналады», - делінген ВАК мәліметінде.

Бұған дейін ДДҰ тестілеудің қысқаруына байланысты коронавирус мутациясын бағалауда қиындықтар туындағанын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар