АҚШ-та көрінбейтін ұшақ сынақтан өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 28 қаңтар күні АҚШ-тың шығыс жағалауындағы Нью-Джерсиден Коннектикутқа дейінгі елді мекендердің тұрғындарын әуедегі қатты дыбыс дүрліктірген болатын. Ол бесінші буындағы ең жаңа F-35 жойғыштары мен F-18 жойғыштарының сынақтан өту сәтінде пайда болған дыбыстар еді. Бұл туралы АҚШ ӘТК-нің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Associated Press хабарлайды.

АҚШ Геологиялық қызметінен Нью-Джерси мен Коннектикут штаттарында 1,5 сағаттың ішінде тоғыз дыбыстық соққы болғаны туралы хабарлаған. ӘТК-нің баспасөз хатшысы Конни Хемпельдің атап өтуінше, аталған ауданда жоғарыдыбыстық сынақ ұшулары күн сайын өткізіледі, алайда, ұшақтың жоғары дыбысқа өтуі жерде сезілмейді. Осыған байланысты, Хемпель дыбысты ерекше атмосфералық жағдайлар күшейте алуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Лента.ру.

Бұған дейін бейсенбі күні Нью-Джерси мен Коннектикуттың тұрғындары жер бетіндегі және ғимараттардағы тербеліске шағымдана бастаған. Әлеуметтік желілерде #boomgate хэштегі бар хабарламалар топтамасы пайда болды. Бірқатар пайдаланушылар жер сілкінісін жоққа шығармаса, бұл ретте басқалары Годзилла бар кадрларды жариялады.

Соңғы жаңалықтар