+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

АҚШ-та компьютердегі ақау мыңдаған жолаушыны әуежайда күттіріп қойды

2019 жылғы 17 тамыз 23:15
Бөлісіңіз:
АҚШ-та компьютердегі ақау мыңдаған жолаушыны әуежайда күттіріп қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні АҚШ әуежайларына ұшып келген жолаушылар кеден және шекара бақылау қызметінің электронды жүйесіндегі ақауға байланысты бірнеше сағат күтіп отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери ұшқыштар шабуылдан қорғану тапсырмасын орындады Елордадан Таразға ұшақпен 7 мың теңгеге баруға болады Бас инспектор ақау шыққан Airbus ұшағына қатысты түсініктеме берді

Жүйедегі іркіліс салдарынан бірнеше мың жолаушы кезек күтіп отырды.

Америка билігі компьютер жүйесі қайта қосылғанын мәлім етті, жолаушылар мәліметі қайта өңделеді. Өйткені жүйе өшірілген соң шетелден келген жолаушылар кідіріп қалды. Елдің 4 штатында осындай жағдай байқалды.

АҚШ Кеден және шекаралық бақылау қызметі бұған дейін мәселе шешім тапқанша «балама үдерістерді» пайдаланатынын, ол «бұрынғыға қарағанда көбірек күтуге тура келетінін» мәлімдеген еді.

«Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша ақау қасақана жасалмаған», - делінген қызметтің таратқан хабарламасында.

Компьютерлік жүйедегі ақау ұшып кететін жолаушылардың сапарына кедергі келтірмеді.


Фото NBCNews

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: АҚШ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT