АҚШ-та казинодағы атыс кезінде үш адам қаза тапты

None
None
ВИСКОНСИН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Висконсин штатындағы казинода атыс болып, үш адам қаза тапты. Оның біреуі оқ атқанның өзі, деп хабарлайды ҚазАқпарат FoxNews-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Грин-Бэй маңындағы Oneida казиносында болды.

Полиция хабарлағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері шабуыл жасаған күдіктіні атып өлтірген.

Округтің шериф кеңсесінің өкілі Браун Кевин Павляктың айтуынша, шабуылдаушы нақты адамды өлтіруді жоспарлап, мақсатты түрде әрекет еткен. Алайда ол ғимаратта болмай шыққан. Сол кезде ол әлгінің таныстарын атқан, екеуін өлтіріп, тағы біреуін жарақаттады, дейді полиция қызметкері.


Соңғы жаңалықтар