АҚШ-та қазақстандық студент Диас Қадырбаевқа 6 жыл түрмеде отыруға үкім шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық студент Диас Қадырбаев американдық құқық қорғау органдарына 2013 жылғы Бостондағы лаңкестік актіні тергеуге кедергі жасағаны үшін 6 жылға түрмеге кесілді, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстандық студент Диас Қадырбаев 72 айға түрмеде отыруға (6 жыл) кесілді, оған жеті жылға сотталу қаупі төнген еді. Қадырбаев лаңкестік актіге күдікті өзінің танысы Джохар Царнаевты танығаннан кейін полицияға хабарламағанын мойнына алды. Сонымен бірге ол жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинап, тергеуге кедергі келтіргенін мойындады. «Мен осыншама ақымақтық жасағаныма түсінбеймін», - деп мәлімдеді қазақстандық студент.

Лаңкестік әрекет 2013 жылғы 15 сәуірде Бостонда жыл сайынғы марафон кезінде болды. Екі жарылыс салдарынан үш адам қазаға ұшырады, 260-тан астам адам жарақат алды. Лаңкестікке ағайынды Царнаевтар күдіктелді. Үлкені - Тамерлан полицейлермен атыс кезінде өлтірілді. Джохар арнайы операция кезінде тұтқындалып, алқабилер сотымен өлім жазасына кесілді.

Соңғы жаңалықтар