АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ тиіп, мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкада Қазақстан азаматы оқ тиіп, мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

«ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Оқ жарақатынан мерт болғандар туралы ақпарат тарататын gunmemorial сайтында Сент-Пол қаласында көлігінде өлі табылған адамның 34 жастағы Юлия Ли екендігі көрсетілген.

Ал Twincities сайтының мәліметтеріне қарағанда, Юлия Ли өлімін қатысты ешкім қамауға алынбаған. Дегенмен тергеушілер осы оқиғаға қатысты ақпарат білетіндерге хабарласуын өтініп отыр.


Соңғы жаңалықтар