АҚШ-та Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің дөңгелек үстел отырысы өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров АҚШ-тың Сауда палатасында Қазақстан-Америка іскерлік кеңесі мүшелерімен бірге жыл сайын өтетін дөңгелек үстел жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика министрлігі, АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігі, «Baiterek» АҚ, Астанадағы «AIFC» қаржы хабы, «Ситибанк Қазақстан» АҚ өкілдерінен жасақталған қазақстандық делегация, сонымен қатар америкалық ірі компаниялар өкілдері қатысты.

АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси

АҚШ Сауда палатасының халықаралық даму және Таяу Шығыс пен Түркия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чокси бұл кездесу қазақстандық тараппен америкалық іскерлік қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл әрі идея алмасу үшін өте маңызды екендігін атап өтті.

Хуш Чокси АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға сапары кезінде «дәл қазір Қазақстан қажетсініп отырған экономиканы екіжақты әртараптандыру және өңірлік интеграцияны ілгерілету үшін экономикалық әрі коммерциялық ынтымақтастықты жандандыратын уақыт» деп мәлімдегенін атап өтті.

АҚШ Сауда палатасының Іскерлік кеңесі іс-шараға қатысқан барлық америкалық компанияларды АҚШ миссиясына қосылып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастық процесінің іске қосылғаны туралы ақпаратты таратуға шақырды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жалпы екіжақты коммерциялық байланыстарды ілгерілетуде көрсеткен қолдауы мен әріптестігі үшін АҚШ Сауда палатасына және Америка-Қазақстан іскерлік кеңесіне ризашылығын білдірді.

Қазақстан министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға сапары күшті саяси белгі болып, стратегиялық әріптестікті кеңейтуге серпін бергенін атап өтті.

Қазақстан тарапы Қазақстанды, оның ішінде елдің егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдағаны үшін Америка Құрама Штаттарын құрметтейді. Соңғы 30 жылда Қазақстан америкалық инвесторлар үшін неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етті және ел Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен өркендеу аралы болып қала бермек.

Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасының әрбір секторында ынтымақтастықты дамыту үшін жақсы әлеует бар екенін атап өтті. Қазақстан инвестициялар ағынын жеңілдету, Орталық Азияда инвестициялық магнит болып қалу жолында қолайлы бизнес-орта құру үшін барлық іс-шараларды қабылдауды жалғастырады.

Сөз соңында америкалық бизнес топтардың өкілдерін осы жылдың 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Chevron халықаралық үкіметтік байланыстар жөніндегі аға директоры Крейг Холл

АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси
Рүстем Қожыбаев
Соңғы жаңалықтар