+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

АҚШ-та Қазақ күйі антологиясының тұсаукесерi өтті

2021 жылғы 23 маусым 20:40
Бөлісіңіз:
АҚШ-та Қазақ күйі антологиясының тұсаукесерi өтті

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында АҚШ-та «Аманат» қазақ күйі антологиясының таныстырылымы өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-дағы көне ғимаратта Ислам мәдениетінің музейі ашылмақ Славян базары: Димаш төрелік еткен байқаудың алғашқы күні қалай өтті

Онлайн форматтағы іс-шараны Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі мен «Каспий саясаты орталығы» (Caspian Policy Center) бірлесіп ұйымдастырды.

Таныстырылымға «Сауап» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, «Аманат» жобасының бiрлескен авторы Мүслім Хасенов, сондай-ақ Америкалық сыртқы саясат жөніндегі ұлттық комитеттің (National Committee on American Foreign Policy) президенті және бас атқарушы директоры Сьюзан М. Эллиотт модератор ретінде қатысты.

Елші Ержан Ашықбаев қазақ мәдениеті мен ұлттық музыканың ерекшеліктері туралы, оның iшiнде домбыра мен қобызда күй орындау ерекшелігі, сондай-ақ «Аманат» жобасына енген түпнұсқалық 500 мұрағаттық күйлер топтамасын қамтитын USB құрылғысы мен әр шығарманың сипаттамасы бар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітап туралы айтып өтті.

Б. Смағұл алғы сөзiнде «Аманат» жобасы аясында Қазақстан мен көрші елдердің түрлі архивтері мен қорларынан алынған бірегей музыкалық шығармалар жинақталып, цифрландырылғанын баяндады.

М. Хасенов бұл жобаның таныстырылымы алғашқы рет шетелде өтіп жатқанын және оның даналары Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон және Сан-Францисконың ірі кітапханаларына, соның ішінде АҚШ Конгресс кітапханасына тапсырылғанын атап өтті.

Онлайн-көрермендерге домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалған шығармалард ың бейнежазбалары ұсынылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT