+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

АҚШ-та қазақ диаспорасының бизнес-форумы өтеді

2019 жылғы 19 тамыз 16:38
Бөлісіңіз:
АҚШ-та қазақ диаспорасының бизнес-форумы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» ҚЕАҚ 2019 жылдың 27 тамызында АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған өңірлік бизнес-форум өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қоры» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Нью-Йоркте мейрамхана ашқан қазақ қызы: Головкин мен Димаштың жанкүйерлері бізден тамақтанады Биыл 1378 қандасымыз елге оралып, солтүстік облыстарға қоныстанады Адамзаттың ежелгі тері шаңғы дәстүрін Алтай қазақтары үзбей жалғастырып келеді

АҚШ-тың Калифорния штаты Сан-Франциско қаласында өтетін бизнес-форум аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, «Отандастар қоры» мен қазақ мәдени-іскерлік үйі жобасының таныстырылымы өтеді. Бұдан бөлек, стартаптардың, отандастардың бизнес жобалары мен бастамаларын қолдау тетіктері, соның ішінде Қазақстанмен қатар халықаралық нарыққа шығу бойынша ілгерілетудің нақты жолдары мен оған көмек көрсету шаралары талқыланады.

«Бизнес-форум өтетін мекен-жай: Сан-Франциско қаласы, 1850 Gateway drive, suite #150, San Mateo, 94404. Тіркелу және толық ақпаратты https://www.facebook.com/events/731545597284452/ сілтемесі, +7 701 000 1404 WhatsApp немесе Telegram нөмірі, komek@oq.gov.kz электрондық пошта немесе Skype арқылы алуға болады. АҚШ-та тұратын барлық отандастарды кездесуге шақырамыз!»,- делінген баспасөз баянында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT