АҚШ-та қазақ диаспорасының басын қосқан бизнес-форум өтті

None
None
САН-ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында қазақ диаспорасының басын қосқан бизнес-форум өтті. Іс-шараны «Отандастар Қоры» КЕАҚ мен ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бизнес форум қордың шет елде тұратын отандастармен байланысты жақсару және нығайтуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Шараның басты мақсаты - АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар іс-шара барысында қор қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобаларының бірі - қазақ мәдени іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтардың әлем бойынша желісін құру жөніндегі жоспармен таныстырды. Оның айтуынша, орталық қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің, ұлттық брендтердің, тілдің таратушысы болмақ, сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді таратуға жәрдемдеседі, нақты бизнес-келісімшарттар жасауға қатысып, серіктестерді, қызықты бизнес идеялар мен инновациялық стартаптарды іздестіреді.


Бизнес-форум барысында қатысушылар өзара іс-қимылды, бизнес-бастамаларды ынталандыру мен стартаптарды қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Талқылау барысында америкалық нарық бизнесінің бағытын, атап айтқанда инновациялық технологиялар және ІТ стартаптарымен байланысты жобалардың үлкен шоғырын, сонымен қатар Қазақстаннан шыққан дарындылардың Apple мен Google тәрізді алдыңғы қатарлы компаниялардағы жұмысын қаперге алынды.

Форум жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Олардың арасында «Smart Advisory» ЖШС басқарушы серіктесі, «QazAngels» венчурлық қор директоры Руслан Рақымбай, «ABC-I2BF Seed Fund» инновациялық стартаптарды жетілдіру бойынша венчурлық қор басшысы Әнуар Сейфуллин, «Happycake Global» компаниясының негізін қалаушы және директоры Асхат Солтановтар да бар.

Форум соңында «Отандастар қоры» КЕАҚ Президентінің кеңесшісі Болат Дидар АҚШ-та тұратын отандастарды қордың қазақ үйінің іскерлік және мәдени орталығы өкілдерін анықтауға белсенді қатысуға, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды.


Айта кетерлігі, бұған дейін дәл осындай бизнес-форум, маусым және шілде айында Мюнхен мен Ыстанбұл қаласында өткен болатын. Алдағы уақытта Бейжің қаласында (ҚХР), Ташкент (Өзбекстан) пен Лондонда (Ұлыбритания) өтеді деп жоспарланған.

Форумдар туралы барлық ақпарат қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында бар.



Соңғы жаңалықтар