АҚШ-та қауіпті заттар тиелген пойыз рельстен шығып кетіп, өртенді

None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Огайо штатында қауіпті заттар тиелген 50 вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы Associated Press жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға жұма күні кешкісін болған, алайда оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы әзірге белгісіз.

Ұлттық көліктегі қауіпсіздік кеңесі өкілі Майкл Грэмнің айтуынша, вагондар рельстен шыққаннан кейін өрт шыққан.

«Өрт ауқымы азайды, дегенмен әлі бар. Екі негізгі жол бұрынғыша бұғатталып тұр», - деп атап өтті ол.

Тасымалдаушы оператордың мәліметінше, 100 вагонның жиырмасында қауіпті материалдар, 14-нде аса токсинді винилхлорид тиелген. Жедел қызмет қай вагондар зақымдалғанын анықтап жатыр.


Фото: AP Photo/ Mahesh Kumar A., архив

Соңғы жаңалықтар