АҚШ-та қарлы бораннан 4 адам қаза тапты

None
None
АҚШ. ҚазАқпарат – АҚШ-тың кейбір штаттарында бұрын-соңды болмаған қарлы бораннан кем дегенде төрт адам қаза тауып, Техаста миллиондаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, Техастың оңтүстігінен Мэн штатының солтүстігіне дейін 2000 мильге жуық аумақты қамтыған қарлы боран мен көктайғақ туралы 150 миллионнан астам адамға ескерту жарияланды.

АҚШ-тың орталық аймақтарында рекордтық төмен ауа температурасы тіркелді.

Ауа температурасы әлі де рекордтық деңгейге дейін төмендейді деп болжануда.

Қарлы боранның салдарынан үш штатта кем дегенде төрт адам қаза тапты деп хабарланды.

Сондай-ақ, құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Ұлттық гвардия бөлімшелері жұмылдырылған.

Өз мәлімдемесінде АҚШ президенті Джо Байден Техас штатында төтенше жағдай жариялады және көмек көрсету туралы нұсқаулар берді.

Шығыс уақыты бойынша сағат 9:30-да FlightAware әуе компаниясы дүйсенбіде ел бойынша 6300-ден астам рейстің тоқтатылғанын және 5200-ден астам рейстің кешіккенін хабарлады.

Сейсенбіде 2400-ден астам рейс тоқтатылуы мүмкін.

Метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, дүйсенбі күні түстен кейін елдің 70% -дан астам аумағына қар жауған.


Соңғы жаңалықтар