АҚШ-та қабығы аршылған мандарин сатуға шығарылған күні саудадан алынып тасталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкадағы Whole Foods дүкендер желісі мандарин қабығын аршып, пластик контейнерге салып сатуын тоқтатты. Бұл өнім сауда залына қойылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін орын алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Мұндай өнімді сатып алушылар наразылық білдірген. Дүкенге келгендер жемістің осындай экологиялық таза емес қорапқа салынғанын сынаған.

«Табиғат апельсиндерді қалай қаптау керектігін білмей ме, біз оларға осыншама көп пластикті шығындаудың қажеті бар ма», - деп наразылық танытқан адамның бірі осы жазбаны Туиттерге жазып, оған пластик қорапшаға салынған аршылған мандарин суретін қосты.

Бұл жазбаны микроблогта 70 мыңнан астам пайдаланушы бөліскеннен соң сауда желісінің өкілдері қателігін мойындап, мандариндердің «табиғи» қабығымен сатылатынын мәлімдеді.

«Кейбір клиенттердің назарымызды Sumos (мандариндердің түрі) өніміне аударып, оны табиғи өз қабығында қалдыру керектігіне аудартқанына қуаныштымыз», - делінген компанияның мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар