АҚШ-та хакерлер бір қаланың бүкіл дабыл қаққыш жүйесін іске қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Далласта (Техас штаты) белгісіз хакерлер демалыс күндері түнде қаладағы барлық апаттық дабыл қаққыштарды іске қосты, деп жазады The Verge .

Жергілікті уақытпен түнгі сағат 23:40-та Даллас қаласныда төтенше жағдайда құлақтандыратын 156 сирена бір сәтті іске қосылған. Қаланың төтенше жағдайлар басқармасы дабыл қаққыш жүйені тек сағат 1:20-да өшірді. Ол үшін бұл жүйе уақытша толық ажыратылған.

Басқарма басшысы Рокки Вазаның айтуынша,мамандар дабыл жүйесін басқаруға алған кемшілікті тапқан. Бастапқы мәліметке сенсек, хакерлер шабуыл жасаған кезде Даллас қаласының аумағында болған. Билік осы ақпараттан асқа мәліметтерді жарияламай отыр. 

ФОТО: Leif Skoogfors/FEMA 

Соңғы жаңалықтар