АҚШ-та газ өндіру зауыты өртеніп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Техас штатындағы Монт Бельвье қаласында сәрсенбі күні сұйытылған табиғи газды өндіру зауытында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Houston Chronicle газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш басылымның жазуынша, Монт Белвье қаласындағы Lone Star компаниясы кәсіпорнының табиғи газ қоймасы жарылған. Жарылыс соңы өрт ұласқан. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысуда.

Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар