АҚШ-та ер адамның қармағына екі метрлік балға-балық түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Панама-Сити-Бич қаласында жағалауда балық аулап тұрған ер адамның қармағына ірі балға-балық ілікті, деп хабарлайды news.bigmir.net.   

Ер адам отбасымен жағажайда демалып жатып, балық ауламақшы болады. Оның айтуынша, балық қармаққа ілмек суға түсісімен бірден іліккен.

 «Балға-балық аулаймыз деп ойламадық, қармақты лақтырған кезде, оған не ілігетінін ешкім де білмейді», - деді ол.

Ерекше балықты демалушылардың барлығы келіп тамашалады. Жолы болғыш балықшы біраздан соң олжасын қайта мұхитқа жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар