АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мэриленд штатында қону кезінде екі жеңілмоторлы ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды Associated Press.

Оқиға сенбі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 16:00-де орын алған. Полицияның мәліметтерінше, Aerobatic Biplane ұшағының ұшқышы қонуға бағыт алып бара жатқан Piper Single ұшағын байқамай, оны қанатымен қағып жіберген. Салдарынан Piper ұшу-қону жолағына аман-есен қона алса, Aerobatic қасындағы шөп алаңына қонды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар