АҚШ-та екі оқушы ұшақты айдап әкеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Юта штатында Cessna жеңіл моторлы ұшағын айдап әкеткен 14 және 15 жасар екі оқушы ұсталды, деп хабарлайды CBS.

 Бір қызығы, мұның алдында жасөспірімдер тракторды ұрлаған.

Жетім балалар үйінде тұратын оқушылар сол штаттағы достарының үйіне қонаққа келген. Содан кейін айдап әкеткен трактормен жекеменшік аэродромға барып, алдымен көздеріне ұшырасқан жеңіл моторлы ұшаққа отырған.

Шамасы, балалар техника тілін білген де болуы керек. Бұзақыларды әуеге көтеріліп,  50 шақырымдай қашықтыққа жеткенде ғана байқайды.

Оқушылар болса ұшақты өздері бұрып, жақын маңдағы әуежайға сәтті қондырған. Полицейлер әлгілерді сол жерде қолға түсірді.

Бұзақыларды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар