АҚШ-та белгісіз жүргізуші бір топ адамды басып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Филадельфияда ( Пенсильвания штаты) сейсенбі күні белгісіз ер адам көлігімен бір топ адамды басып кетті, деп хабарлайды ABC телеарнасы полицияға сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай қаланың солтүстік бөлігінде болды. Күдікті ұсталды, бірақ оның кім екендігі айтылмай отыр. Зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы ауыр.

Полицияның болжамынша, күдікті ұрыс-керістен соң осындай әрекетке барған болуы керек.

Соңғы жаңалықтар